389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде сәбилі болған отбасылардың мүшелеріне рентгенге түсу міндеттелді

  • 181
  • UPD: 20:49, 30.09.2019

Елімізде соңғы екі айда дүниеге келген нәрестелерге туберкулезге қарсы екпе салынбай жатыр. Вакцинаның бұл түрін өндірген мемлекет екпені кері қайтарып алған. Жапонияның фармацевтикалық компаниясы қазір дәрі құйылған құтыға оның пластикалық қақпағының сынығы қалай түсіп кеткенін тексеруде.

Енді біздің үкімет вакцина сатып алу үшін өзге мемлекетпен келіссөз жүргізуге мәжбүр. Ал емдеу мекемелері сақтық үшін жаңа туған сәбилердің ет жақындарын түгелдей  флюорографиялық тексеруден өткізуге кіріскен.

Облыста қазір  флюорографиялық тексеруден өту ең негізгі  мәселе  болып тұр. Әсіресе соңғы  екі-үш айда енді сәбилі болған  отбасыларға  бұл  міндет. Солардың бірі өскемендік Анастасия Летова. Босанған соң бір құшақ құжат жинаған. Күйеуі мен  екі  қызының рентген суретінің қорытынды сараптамасын перзентханаға әкелген.  

Анастасия Летова, қала тұрғыны:

- Бастапқыда өзімізің аңтарылып, не істерімізді білмей қалдық.  Одан соң әрине түсіністікпен қарап, күйеуім, балаларым флюорографияға түсті. Анықтаманың бәрін алып дайындап қойдық. Барлық аурухандан қажетті сарптаманы жинадық. 

Медициналық құжаттарсыз нәресетні  перзентханадан шығармайды. Ол бұйрықты облыстық денсаулық сақтау басқармасы шағарған. Дәрігерлер тек осылай ғана жас нәрестені жұқпалы аурудан мейілінше қорғауға тырысып жатыр. 

Гүлдер Мамылханова, дәрігер-неонатолог:

- Қазір бұйрық бойынша  қажетті құжаттарды ғана талап етеміз. Өйткені екпе салынбаған жас нәресте кез келген уақытта  ауру жұқтырып алуы  мүмкін.  

Дегенмен  бұйрықта көрсетілген медициналық анықтамаларды жас нәрестенің  барлық туыс-туғаны жинауда өзіндік қиындықтары  бар.  

Әсел  Әбішева,  қала тұрғыны:

-  Күйеуім рентгеннен өтті. Өйткені  балаға жақын адам. Әкем де рентгенге түсті.  Бірақ барлық тусытар не үшін өтеді. Балаға вакцина егілгенше басқа адамдарды жақындатпауға тырысамыз. 

Дәрігерлер  жаңа босанған аналарға  адам көп шоғарланатын  жерге бармауға кеңес беріп отыр. Тіпті өте қажет болмаса, ауруханға да. Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның жаңа легін сатып алғанша  осындай қатаң ережені ұстануға тура келеді. Бірақ кейбір жағдайы бар ата-аналар қажетті вакцианы өздері сатып алып, нәрестеге салдыру ұсыныстары болған. Бірақ дәрігерлер  оны құптап отырған жоқ.  

Райфа Сафиоллинова,  облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының  орынбасары:

- Ата-аналар  вакцинаны өздері сатып алып нәрестеге  салдырудың қажет жоқ.  Өйткені оны  біркелкі  дистрибьюторлық компания бір мемлекттен бір жолда бір  сериямен сатып алды.  Соған сәйкес талапқа сай арнайы сертификат береді.  Ол бүкіл Қазақстанның аумағында  вакцина егудің  күнтізбелік ережесі  бойынша жарамды болады.

Денсаулық сақтау министрлігі қазір Индия елінің фармацевтикалық компаниясымен келісссөз жүргізіп жатыр. Әлемде 170 мемлекет осы елдің өнімін сатып алады. Бірақ жаңа вакцинаны алу үшін де 2-3 ай уақыт кетеді. Сондықтан осы аралықта нәрестелері  туберкулез ауруын жұқтырып ала ма деп ата-аналар вакцинаны тездетіп әкелуді сұрап отыр.

Авторлары: Олжас Керейхан, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы