389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәстүрлі БАҚ-та этностық контентті арттыру керек. Жаңа арна ашудың қажеті жоқ – Депутат

  • 184
  • UPD: 21:13, 30.09.2019

Этностық БАҚ интернет алаңын жан-жақты пайдаланып, замануи медианарық талаптарына сай болу керек.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі депутаттық тобының отырысында этностық БАҚ-тың жұмысын дамыту және қолдау мәселелері талқыланды. Жиында оларға Қазақстан халқы Ассамблеясының порталымен ақпарат алмасып, бірлесе қызмет ету ұсынылды. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің комитет төрайымы Ляззат Сүйіндіктің айтуынша, кей этностық БАҚ-тың әлеуметтік желіде парақшалары жоқ. Сондықтан ынтықмақтастық арқылы аудитория ауқымын кеңейту көзделген. Айта кетейік, Бүгінде елімізде 12 тілде ақпарат тарататын 52 этностық БАҚ тіркелген. 

Сауытбек Абдрахманов, ҚХА Мәжілістегі депутаттық тобының жетекшісі: 

- Жаңа арна ашу жөнінде айтып жатыр. Мен өз басым журналист ретінде бұрын осы саланың басшылығында болған адам ретінде мына прагматизм заманында арнаулы достыққа арналған, таңертеңнен кешке дейін бір тақырыпқа арналған арна ашудың ешқандай қажеттігі жоқ деп санаймын. Оның орнына дәстүрлі арналарда, дәстүрлі БАҚ-та осы контентті күшейту керек.

Хабар 24 телеарнасы