389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды медуниверситетінде түлектер IT саласын қоса меңгеріп шығады

  • 178
  • UPD: 21:04, 30.09.2019

Дәрігер тапшылығын жоюға атсалысып жүрген ат төбеліндей ғана білім ордалары болса, соның бірі Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті.

Мұнда маман болғанда да, әмбебап кадрлар даярланады. Ол үшін арнайы 6 мектеп ашылған. Оларда болашақ дәрігерлер медицина мен IT технология мамандығын қоса меңгеріп шығады.

Жалпы медицина, қоғамдық денсаулық, фармация, медбикелік іс, биология, зерттеу жұмысы мен ғылыми мамандарды дайындайтын мектеп өз жұмысына осы жылы кірісті. Болашақ дәрігерлер заман талабына сай оқу процессін толық цифрлық жүйемен жүргізеді. Ол үшін медициналық университет аймақтағы политехникалық жоғары оқу орнымен келісім шартқа отырған. Медицина саласы мен айти технологияны қатар меңгеріп шыққан түлек екі диплом алатын болады. 

Вилен Молотов-Лучанский, ҚММУ ректор кеңесшісі:

- Екі саланы толық меңгеріп шықса, маман әмбебап болады. Заман талабына сай медицина саласыда цифрлық жүйеге ауысып жатыр. Сондықтан ол жүйемен жұмыс жасай алу үшін болашақ дәрігер түрлі бағдарламаларды білуі қажет. Мысалы бір аурудың түріне ем табу үшін, алдыменен зерттеулерді  виртуалды түрде дайындап, содан кейін оны науқасқа қолданады. 

Алдағы уақыттарда биомедицина мамандығы ашылмақ. Мұның ішіне фундаменталдық ғылым мен цифрлық зерттеу кіреді.Сонымен қатар қазір студенттер электронды құжат айналымында жіті меңгеріп жатыр. Бұл жаңашылдық елімізде іске қосылған міндетті медициналық сақтандыру бойынша болашақ дәрігерлердің халықпен жұмыс істеу барысына қажет. 

Меруерт Газалиева, ҚММУ медицина мектебінің деканы:

- Резидентура мектебінде қазір 29 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Барлық бағдарламалар тәжірибеге бағытталған. Яғни білім беру жүйесінің он пайызы ғана теория болса, 75 пайызы тәжірибе жүзінде жүргізіледі. Болашақ мамандар бірінші курстан бастап тәжірибені облыстық ауруханаларда, орталықтарда өтеді. 

Айта кету керек, медициналық университет  елімізге сапалы медициналық қызмет көрсете алатын кадрларды дайындау жолында  барлық мүмкіндікті жасауда. Қазір аймақтарда әлі де болса отбасылық дәрігер, анестезиолог-реанимотолог және педиатрлардың тапшылығы байқалады. Сондықтан биыл диплом алып шыққан түлектердің 80 пайызы шағын қалалар мен аудандық орталықтарға жолданған.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы