389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар аймағында қар жауды

  • 238
  • UPD: 21:42, 30.09.2019
Еліміздің бірқатар аймағында қар жауды

Қыркүйекте қар жауды. Еліміздің бірнеше аймағында кешелі бері ақ ұлпа түсіп, табиғат тосын мінез танытып тұр.

Мұны көрген Петропавл, Ақмола және елордалықтар аң-таң. Синоптиктер алдағы екі-үш күнде солтүстік және солтүстік-батыс өңірдің кей-жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжап отыр. Тұман түсуі ықтимал.

Бердібекова Саида, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

- Дауылды ескерту 1-3 қазан күндері бойы Республикамыздың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында кей жерлерде ауа температурасы 3-8 градус аязға дейін төмендейді. Ал бірінші екінші қазан күні Қызылорда облысы кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градуықа дейін үсік сақталады.

Хабар 24 телеарнасы