389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде 5 жыл бұрын басталған көпір құрылысы осы күнге дейін бітпеген

  • 168
  • UPD: 22:36, 30.09.2019

Өскемендегі Ертіс өзеніндегі көпір құрылысының бітетін түрі жоқ. Қаланың екі бөлігін жалғап тұрған ірі  нысанды кеңейтіп, жөндеу жұмыстары осыдан 5 жыл бұрын басталған. 

Бастапқыда мемлекеттен 2,5 миллиард теңге бөлініп, 2-3 жыл мерзім белгіленген. Кейін жобаға түзетулер енгізіліп, қаражат сомасы да бірнеше есеге өскен. Алайда жөндеу әлі аяқталған жоқ. Ол аздай көпірді салып жатқан жұмысшылар 6 айға жуық еңбекақы алмаған. 

Олжас Керейхан, тілші:

- Ертістегі  көпір 1970 жылы салынған. Ол кезде көлік санына шаққанда ең үлкен нысандардың бірі болған. Ал соңғы 5-10 жылда қалада көлік нөпірі де көбейіді. Қазір бұл  көпірден күніне бірнеше мың автокөлік өтеді. Әсіресе таңертең-кешке бұл жерде  көліктер кептелісінен керуен түзіледі. Кеңейту жұмысы басталғанда жүргізушілер қуанған еді. Алайда  құрылыс өте ұзаққа созылады деп ешкім ойлаған жоқ. 

Бұл көпірде жөндеу жұмысы басталғаннан бері елдің назары ауып келеді. 2016 жылы қараша айында ескі көпірдің бір бөлігі екіге бөлініп, бір жағы көкке көтеріліп бірнеше күн тұрған. Нысанды бөлшектеу кезінде  құрылысшылар қателік жібергені кейін анықталды. 

Ол кезде  жұмыс қарқынды  болатын. Қазір бірнеше адам ғана жүр.  

Қайрат Сабырбаев, қала тұрғыны:

- 1-2 адам жүреді астында, кей күндері мүлде жоқ. Тоқтап тұрғанына талай уақыт болды. Әсіресе тәңертең және кешке көлік кептелісінің көкесі болады. Негізгі жұмыстар істеліп тұр. Ақшаны алып алып, созып отыр ма? Мүмкін ақшасын біреулер жеп қойды ма? Оны бір Құдай біледі.  

Бақытжан Уәлиев, қала тұрғыны:

- Құрылысшылар қайда, бастықтар қайда? Әкімдік қайда қарап отыр? Көлік жүргізушілері қиналып бітті.

Бастапқы жобада 6 жолақты болған. Кейін 8 жолақ болып кеңейтілген. Соған сәйкес көпір құрылысына жалпы 10 миллиард 300 миллион теңге бөлінген. Есеісне соңғы жылдары   жұмыс қарқыны бәсеңдеп қалды. Нысанның басында  әр жерде қалқиып бірнеше адам жүр. Жұмысшылар соңғы 6 айда еңбекақы да алмапты.

Темірхан Шенікеев, жұмысшы:

- Ақша берсе бітіреміз. Ақша бермесе, қалай бітіреміз, 7 адам ғана жүрміз. Жарты жыл болды ғой, бермей жатыр. 

Бұл көпірінің жалпы ұзындығы 320 метр. Ал қалада  құрылысы  бұдан бірнеше жыл кейін басталған нысандар пайдаланылуға беріліп қойды. Дегенмен  Өскемендегі осы көпірге жауапты мамандар жұмыс жопарға  сәйкес жүріп жатқанын айтып,  асықпай отыр. 

Владимир Землянский, қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Қазіргі стандарттарға сәйкес, мұндай жобалардағы жұмыс уақыты 40 айға тең. Бұған қыс айлары кірмейді, себебі ол кезде жұмыстар, ауа райына байланысты, атқарылмайды. Бүгінгі таңда уақыттан асқан жоқпыз және осы жылдың соңына дейін бұл жоба бойынша барлық жұмыстар аяқталатын.

Бес жылға жуық  көктемде қарқын алып, сары күзде  саябырсып қалатын көпір құрылысы дәл биыл бітеді дегенге халықтың сенгісі жоқ.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы