389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында орақ науқаны күндіз түні жүріп жатыр

  • 243
  • UPD: 23:07, 30.09.2019

Сыр өңірінде орақ науқанының нағыз қызған шағы. Диқан қауым күзгі жауын жиілемей тұрып, ел ырысын жинап алуға күн-түн демей күш салып жатыр.

Бұған себеп бар. Синоптиктер қазан айының екінші онкүндігінде жаңбырлы күндер көбейеді деген болжам айтуда. Түнгі орымның аяқалысы қалай?

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Қаз қатар тізілген комбайндардың жарқыраған шамы төңіректі күндізгідей жап-жарық етіп жібермесе де, жұмыстың қарқынын бәсеңдетпеуге жарап тұр. Мына темір тұлпарлар бұрынғы кеңестік техникалардан 5 есе өнімді келеді екен. 

Алымдылығы жоғары соңғы үлгідегі комбайндар тіпті қою қара түнде де жолынан жаңылмайды. Біз тұрған алқап Қармақшы ауданының «III Интернационал» ауылының маңы. Мұндағы шаруа қожалық биыл 2 мың 400 гектардай күріш еккен. Шығымы жаман емес. Шамамен әр гектардан центерден өнім жиналады деп күтіліп отыр. Егін-терімге 80-ге жуық техника мен 283 адам жұмылдырылған. Ал жалпы Қармақшы ауданы бойынша биыл 12 мың 800 гектарға Сыр маржаны орналастырылған болатын. Бүгінде оның 82 проценті орылды. Әзірге шамамен орташа өнім 55 центнерді маңайлап тұр. Үздіктер қатарында Мұрат Сәрсенбаевтың да шаруашылығы бар. 

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Биыл облыс бойынша 183,1 мың гектарға егiн егілді. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 87,9 мың гектарды құрады. Бүгінге дейін басты дақылдың 68 мың 316 гектары яғни 77,7 проценті орылған. Әзірге облыс бойынша орташа өнім көлемі гектарына 51 центнерді құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылы 46,6 центнер болған еді. Мамандар аймақта егін-терім науқанын 10 қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы