389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда жәйбасар мердігердің кесірінен тұрғын үй төбесінен су сорғалап тұр

  • 197
  • UPD: 23:09, 30.09.2019

Толассыз жауын салдарынан Тараздағы 9-ықшам ауданда орналасқан көп қабатты үйдің бірінінің төбесінен су сорғалап тұр. Себебі мердігер шатырды жөндеу жұмыстарына өте кеш кіріскен. Енді бүлінген дүние, келген шығынды кім өтейді? Тұрғындарды мазалаған мәселе осы. 

- Первый дождь... Сейчас и соседей затопит, и ведро не поставишь, потому что льется ручьем.

Бұл бейнежазбаны Тараздың Мыңбұлақ шағын ауданындағы №8 үйдің тұрғындары жіберді. Алғашқы ақ жауын оларды қатты әбірегре түсірді. Үйдің төбесі ашық болғандықтан негізінен бесінші және төртінші қабаттағы пәтерлер бүлінді. Тұрғындар бұған мердігерді кінәлап отыр.

Надежда Черкашина, №8 үйдің тұрғыны:

- Мұндай жұмысты қыркүйек айында бастау барып тұрған ақымақтық. Басқа ештеңе емес. Мен үшінші қабатта тұрамын. Жуынатын бөлмемнің төбесі түсіп қалды.  

Дарья Заитова, №8 үйдің тұрғыны:

- Біз келісім-шартқа көктемде қол қойдық. Мердігер жөндеу жұмыстарына қашан кірісер екен деп жаз бойы күттік. Міне енді көретін жері жоқ, үйдің іші көл болып жатыр. 

«Жақында пәтерімді саудаға қойып едім. Енді кім алады оны? Өз басым ешқандай келісімшартқа қол қойған жоқпын» дейді осы үйдің тұрғыны Светлана Талапбаева. 

Светлана Талапбаева, №8 үйдің тұрғыны:

- Қазір бәрі көгеріп тұр үйдің. Мынандай-мынандай болып обойларым көтеріліп тұр. Сосын мына тұрғындардың 80 проценті қол қойды дейді. Қол қойған нәрсенің 3 экземпляры болуы керек. Біреуі акиматта болса, біреуі подрядчикте болса, үшінші экземпляр қайда? Біреу біздің орнымызға қол қойып жіберген шығар. Қай жақта қағазы?

«Жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер үйдің төбесін полиэтиленмен жабуы керек еді. Олар жаппады. Енді соның зардабын біз тартып отырмыз» дейді тұрғындар. Ал әкімдіктегілер болса, бұған тұрғындардың өздерін кінәлап отыр. 

Ғазиз Ералиев, тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы:

- Кесте бойынша онда ешқандай жөндеу жұмыстары жоспарланбаған. Тұрғындар бастама көтеріп, мердігерді өздері тапты. 4 жақты келісімге қол қойылғанда мұндай шу болмас еді. Қаржыландырушы тарап – «Тұрғын үй жөндеу – Тараз» жауапкершілігі шектеулі серуктестігі ешқандай келісім-шартқа қол қоймаған. Солармен арада келісім жасалғанда бұл мәселе азаматтық тәртіппен сот арқылы шешілер еді.

«12 қыркүйекте басталған жөндеу жұмыстары енді бір он шақты күнде аяқталуы тиіс еді. Оны ертерек бастауға еш мүмкіндік болмады. Біз Арыстағы үйлерді қалпына келтіруге атсалыстық. Материалдық шығынды өтеп беруден бас тартып отырған жоқпыз», - дейді мердігер компания өкілдері.  

Айдос Абиров, құрылыс жұмыстарына жауапты серіктестік директорының орынбасары:

- Пәтері бүлінген тұрғындардың барлық шығынын өтейміз. Керек десе, қажетті құрылыс материалдарын да сатып алып беруге дайынбыз. 

Мердігер шатырды жөндеу жұмыстарын 10 күнде аяқтайміз деп уәде берді. Қазір келтірілген шығын есептелуде. Тұрғындар болса, ауа райының күрт бұзылып, қайтадан жаңбыр жауып кетпеуін тілеп отыр.  

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Анастасия Сулейманова, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатілла

Хабар 24 телеарнасы