384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін – Халықаралық қарттар күні

  • 1532
  • UPD: 12:35, 01.10.2019
Бүгін – Халықаралық қарттар күні

Қазақстанда 2 млн-нан аса зейнет жасындағы адам бар.

Әр жыл сайын зейнеткерлерге әлеуметтік бір реттік көмек көрсетіледі.

Мерекеге орай фотокөрме, флешмоб, арнайы экскурсиялар ұйымдастырылады. Ардагерлердің ғұмыр бойы жасаған еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі. Биыл да мерейлі мереке өз деңгейінде аталып өтіледі. Осыған орай Жастар сарайында қарияларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылған. Қарт адамға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайды. Сондай-ақ қарттар үйіндегі қарияларға да ерекше қолдау көрсетіліп, мерекелік іс-шара болады. Қазіргі уақытта әлеуметтік, медициналық, психологиялық көмек те тиісінше көрсетілуде.

Хабар 24 телеарнасы