389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ «қазынам» деп әспеттеген қариялар неге қарттар үйін паналап жүр?

  • 178
  • UPD: 11:02, 01.10.2019

Елордада 80 мыңнан аса қария бар. Бірақ бәрі бірдей өз үйінде тұрмайды.

Тағдыр ғой. Кейбірінен балалары мен туыстары теріс айналған. Қазақ «қазынам» деп әспеттеген қариялар қара басы қауқайып, осы күні бөтен босағаны паналап жүр.

Бұл – Айғаныс Есқақова. Жасы 81-де. Мұнда тұрып жатқанына 10 жылдан асыпты. Неге дейсіз ғой. Әжеге бұл сұрақты біз де қойдық. Сөйтсек...

Айғаныс Есқақова:

– Балалар жоқ. Денсаулық болмаған соң осында келдім. 10 жыл. Шалым қайтқалы 18 жыл. Жағдайым жақсы. Өзімнің бір бөлмем бар. Намаз оқимын. Жалғыз сіңілім бар. Қатынаспайды. Өзім балалар үйінде өскенмін.

Ал бұл – Жанболат Бейсенбаев. Бұл жерге 2015 жылы келген. Он саусағынан өнер тамған. Ісмер. Бірақ өзімдікі деген бала болмаған соң...

Жанболат Бейсенбаев:

– Үйленгем. 2 баласымен алғанмын. Қыз институт бітірді. Ауыл құрыған соң, олар өздері кетті. Сонымен мені тастап кетті. Өзімізден бала болған. Шетінеп кетті. Жиеніммен тұрғанмын. Сосын осында келдім.

Мұнда сан қилы тағдыр бар. Халық арасында қарттар үйі деп аталса да, ресми түрде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы деп айтылады. Мекеме 400 орынға шақталған. Осы күні 320 дан аса адам тұрады мұнда. 144-інің мүмкіндігі шектеулі. 7 бағыт бойынша түрлі қызмет көрсетіледі. Оның ішінде қариялар медициналық, психологиялық емін де қабылдайды.

Ардақ Сейітова, қалалық әкімдіктің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары:

– Сонымен қатар әлеуметтік еңбек терапиясы бар. Жұмыс істеуге қабілетті, инсульттан кейін саусақтарының жұмысы қайтадан іске қосылу барысында біз адамдарды еңбекке баулимыз. Сонымен қатар әлеуметтік-құықтық, әлеуметтік-экономикалық қызметтер көрсетіледі.

Бұл – елордадағы жалғыз мекеме. Бағып-қағып, жағдайларын жасау үшін мұндағы әрбір адамға мемлекеттік қазынадан ай сайын 140 мың теңге қаражат бөлінеді. Бірақ бұл жылулық үйдегідей болмайтыны ақиқат.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы