389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үлкенге орын беріп жүрсіз бе?

  • 150
  • UPD: 11:03, 01.10.2019

Үлкенге кұрмет күнделікті қарапайым істерден көрінеді.

Мысалы, қарияны сүйемелдеп, жолдан өткізіп жіберу. Сөмкесі ауыр болса, көтерісу. Немесе, автобуста орын беру. Жасы келген жандарға осындай қамқорлық көрсете алып жүрміз бе?

Қоғамдық көліктерде жастар үлкендерге орын бермейді деген шағым көп айтылады. Әлеуметтік желіде де талқыланатын тақырыптың бірі осы. Бүгін Қарттар күні біз осыны тексеріп көрмекпіз. Біздің кейіпкеріміз Валентина Ивановна қазір автобусқа отырады. Жастар орын бере ме, көрейік.

Кейіпкеріміз бірнеше автобусқа мінді. Жасырын камера әр қадамын түсірді. Адам аяғы көп базар маңындағы аялдамаға да бардық. Байқағанымыз, автобусқа егде жастағы адам кірген бойда орнынан тұруға асығатын жастар бар. Көрмегенсіп, қипақтап калатындар да кездеседі. Дегенмен бүгінгі тәжірибе кезінде Валентина Ивановна орынсыз қалған жоқ.

Валентина Савичева, қала тұрғыны:

– Маған көбінде орын береді. Кейде адамдар жұмыстан шаршап келе жатады. Ондайда түсіністікпен қарауға тырысамын. Орын бермейтін жастар бар шығар, дегенмен маған тәрбиелі жастар жолығады. Бүгін де орын берді.

Кейбір автобус салонында жастар үшін арнайы ескертпе жазып қойған. «Үлкендерге орын беріңіз» деген жазуларды көзіміз шалды. Одан бөлек, мониторда бейнеролик көрсетіліп жатыр. Қарттар мен жүкті әйелдерге айтқызбай орын беру керектігін еске салады. Негізінен, үлкенге құрмет көрсететін жас ескертусіз-ақ орнынан тұрады. Бұл орайда, біздің бүгінгі кейіпкеріміздің жолы болды.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Ерзат Зайытхан

Хабар 24 телеарнасы