389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда соғыс ардагері Семен Данилин 105 жасқа толды

  • 171
  • UPD: 10:57, 01.10.2019

Оралда Ұлы Отан соғысының ардагері Семен Данилин 105 жасқа толды.

Майдангерді Ұлттық ұлан мен Ішкі істер министрлігінің басшылығы арнайы құттықтады.

Ұлттық Ұлан ардагері Семен Данилинді әріптестері жыл сайын осылай ерекше құттықтайды. Бүгінде жүріс-тұрысы қиындағанымен, майдан әндерін орындауға келгенде іркіліп қалған емес:

Өмірзақ Болсанбеков, ішкі істер органдары және ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы:

– Бізде 70 мың ардагер бар. 70-тің ішінде төртеуі 100-ден асқан. Осы кісілерді құрметтемегенде, осы кісіні қадірлемегенде кімді қадірлейміз? Сол үшін келіп отырмыз.

Жорық жолын Днепропетровскідегі минометшілер полкінің құрамында бастаған Семен Данилин кейін Сталинград майданына қатысты. Курск иінінде болған сұрапыл шайқастың алдыңғы шебінде болды. Украина мен Польшаны азат етуге де атсалысты, ал жеңісті Берлинде қарсы алды. Соғыстан кейін зейнет жасына жеткенше ішкі әскерде қызмет етті.

Маргарита Мухатинова, С.Данилиннің шөбересі:

– Атамыздың осындай адам болғаны отбасымыз үшін зор мақтаныш, біз өте бақыттымыз. Ал Семен Данилин сынды ел қорғаған батырдың өнегелі өмірі баршаға үлгі деп білеміз.

Семен Данилин зайыбы екеуі отбасында үш қыз тәрбиелеп өсірді. Қарияның ендігі арман-мұраты біреу. Ол елінің амандығы, ұрпақтарының бейбіт өмір кешуі ғана.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов

Хабар 24 телеарнасы