389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келер жылы елордада 260-тан астам аула жөндеуден өтеді

  • 144
Келер жылы елордада 260-тан астам аула жөндеуден өтеді yk.kz

Биыл жаз уақытында Нұр-Сұлтан қаласында 106 аулаға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Келесі жылы тағы да 260-тан астам аула жаңартылады, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімінің instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Елорда аумағында 2 609 көп пәтерлі тұрғын үй, 1560 аула бар.

Биыл жазда 106 аулада жөндеу жұмыстары басталды: бұл – 108 мыңнан астам тұрғыны бар 250-ден аса көп пәтерлі тұрғын үй мен жеке сектор.

Сол аулалардың 81-інде жұмыс толығымен аяқталды, ал 25 аула аумағында шағын сәулет нысандарын, спорттық тренажерлер мен ойын жабдықтары орнатылады.

«Жұмыстарды 20 қазанға дейін аяқтаймыз. 2020 жылға 260- тан астам ауланы жабдықтау жоспарланған», – деп көрсетті қала басшысы.

Хабар 24 телеарнасы