389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлеуметтік нысандарда, мектептер мен ауруханаларда жылдамдығы жоғары интернет болуы тиіс - А.Мамин

  • 186
  • UPD: 12:05, 01.10.2019
Әлеуметтік нысандарда, мектептер мен ауруханаларда жылдамдығы жоғары интернет болуы тиіс - А.Мамин спутник

Әлеуметтік нысандарда, мектептер мен ауруханаларда жылдамдығы жоғары, сапалы интернет болуы тиіс. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин Үкімет отырысында мәлімдеді.

«5G өте қымбат. Сондықтан 5G пайдаланудың басымдығын дұрыс анықтап алу қажет. Қазақстанның ірі қалаларына осы байланысты енгізу бойынша жұмыстар қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр. 2020 жылға қарай өңірлерде, соның ішінде Алматы қаласында 5G тиімді пайдалану жөнінде тиісті жобалар керек», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар 5G енгізу тек телекоммуникация саласына ғана емес өнеркәсіптің жаңа салаларының пайда болуы мен дамуына елеулі серпін беріп, экономиканың дамуына үлкен үлес қосатынын да айтып өтті.

«Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылдың соңына дейін Назарбаев университеті мен ЭКСПО кешініне, ал 2022 жылы әуежай мен вокзалға, сауда орындары мен алаңдарға енгізу жоспарда бар. Одан кейін 2023 жылдан бастап барлық облыс орталықтарына енгізу жұмыстары жүргізіледі. Осылайша 2022 жылдың соңына дейін Қазақстан халқының 97 пайыз тұрғыны кеңжолақты интернет желісімен қамтылады. Қалған 3 пайызына спутниктік технологияларды қолдану мүмкіндігі жасалады», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.

Президент тапсырмасына сәйкес Қазақстанда 5G желісін енгізу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласында және Алматы қаласында сынақ жұмыстары жүргізілді. Қазан айында Шымкентте өткізу жоспарланып отыр.

Автор: Динара Доспан

Хабар 24 телеарнасы