389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада шығармашыл жастарды қолдау орталығы ашылды

  • 262
  • UPD: 14:55, 01.10.2019
Қызылордада шығармашыл жастарды қолдау орталығы ашылды

Дарынымен ерекшеленген өрендердің белін буып, өнерін шыңдайтын ұйымның алғашқы шарасы ретінде ақындар мүшәйрасы өткізілді.

«Сыр елі – жастар мекені» атты поэзия байқауында ауыл-аймақтан жиналған жүзден астам талантты үміткер бақ сынады. Өмірін өлеңмен өруге бет бұрған өрендер лирикалық, дидактикалық сарындағы поэзия тереңіне бойлады. Одан бөлек, Қызылорданың туған күніне және Сыр өзеніне арнаған жыр шумақтары төгілді. Мүшәйра қорытындысымен жасөспірімдер арасында қызылордалық Піржан Сандыбай үздік атанды. Ал жастар тобының бас жүлдесін Айдар Сайлауов жеңіп алды.   

Ақгүл Әбдірасул, орталық жетекшісі:

– Таланттар академиясының тиімділігі – шығармашыл, өлеңге бейім, кітабын шығарғысы келетін жастардың талантын әрі қарай шыңдау. Ол кісілердің кітаптарын шығарып, республикаға танытып, шалғайда көрінбей жүрген жастарды Қазақстанға көрсету болып табылады.

Қуаныш Жанұзақов, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

– Біздің бір ұққанымыз, бұл шараның аса қажет екенін көріп тұрмыз. Бүгін қатысушылар саны өте көп. Іріктелгені, іріктелмегені бар. Демек біз осы топтағы жастармен жұмыс жасау керектігіне көз жеткізіп тұрмыз. Сондықтан бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта қолдау табады деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы