389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Алау» мұз айдыны 5 қазаннан жұмысын бастайды

  • 345
  • UPD: 17:41, 01.10.2019
«Алау» мұз айдыны 5 қазаннан жұмысын бастайды expertonline.kz

Елордадағы «Алау» мұз айдыны сарайы 5 қазаннан бастап өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Елорда Инфо Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары! Конькиді сағынғандар үшін «Алау» мұз айдыны сарайы 5 қазаннан бастап өз жұмысын бастайды», - делінген хабарламада.

Ал 12 қазан күні «Алау» мұз айдыны сарайында жаппай сырғанау маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Бұл күні келіушілерді небір сыйлықтар мен мерекелік концерт және ең үздік мұз күтеді.

Сеанс кестесі еш өзгеріссіз жылдағы уақыт бойынша қалды.

Жұмыс күндері (дүйсенбіден басқа)

1 сеанс: 19:00 – 22:00.

Демалыс және мереке күндері

5 сеанс: 9:00 - 23:00.

Хабар 24 телеарнасы