389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектер үйінде 5 жұп некесін қиып, отбасын құрған

  • 135
  • UPD: 20:06, 01.10.2019

«Мемлекет қамқорлық көрсеткенмен, қартайған шақта жалғыздық қиын», - дейді олар.

Егде жасқа жеткенде интернатты паналаған қариялардың тағдыры сан түрлі. Осында келіп, қолөнермен айналысып, сүйікті ісіне ден қойғандары да бар. №1 әлеуметтік нысанда болып, қарттардың қал-жағдайын «Хабар 24» тілшісі Әнуарбек Мырзатайұлы біліп қайтты.

Георгий Байретдинов пен Алевтина Минлина 18 жылдан бері бірге тұрады. Екеуінің тағдырлары ұқсас. Ата-ана мен тума-туыстан ерте айрылып, барар жері болмаған соң қарттар үйін паналаған. Бұрын зағиптар қоғамында жұмыс істеген Георгий мұнда 20 жыл бұрын келіпті. Ал, Минлинаның тұрғанына ширек ғасырға жуықтаған.

Георгий Байретдинов, №1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны:

- Екеуміздің бас қосқанымыз жақсы болды. Бір-бірмізбен өткен-кеткенді айтып, сөйлесеміз. Мұң-наламызды жеткіземіз. Себебі, жалғыздық шаршатады. Мұнда тұрып жатқан адамдардың көбінде осы проблема. Енді үй-жайымыз болса, бөлек кетер ек.

Бұл мекеме тұрғындарының бір-бірімен бас қосып, некелесуі соңғы рет осыдан бірер жыл бұрын тіркелген. Орталық басшылығы өкілдерінің айтуынша, қарттардың мұндай бастамасы қолдауға лайық. Өйткені қамкөңіл жандар бір-біріне ұқсас әр күнін өзгертуді қалайды.

Сән Нұрышева, №1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары:

- Кезінде жарын таба алмағандар осында келіп те тауып жатқандары бар. Сыртынан кейде қызығып қарайсың, екеуі шүйіркелесіп шәй ішіп отырады. Ал, енді екеуі бір-бірінен ерте кетіп қалған жағдайда қиналады. Онда депрессияға ұшырайды. Ондайды да көрдік. Сондықтан біздің салада жұмыс істеу оңай емес. Осы таңертең келгеннен: «қалайсың апа, қалайсың аға деп жағдайын сұраймыз.

Бүгінде мұнда 30 бен 96 жас аралығындағы 224 адам тұрады. Арасында мүгедек жандар да бар. Тұрғындардың тұрмыстық жағдайы құзырлы мекемелердің бақылауында. Әлеуметтік, медициналық көмектен өзге, уақыттарын тиімді өткізу үшін жағдай жасалған. Ал, қараттар күні өнер ұжымдарынан өзге бірқатар ұйым қызметкерлері келіп сый-сияпат көрсетті.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы