389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы балалардың құрдастарымен араласуға мүмкіндік береді

  • 142
  • UPD: 19:26, 01.10.2019

«Дара» қоры Қазақстандағы АҚШ елшілігінің шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен «Кедергісіз мектепке» жобасын жүзеге асыруда, оның аясында Петропавл және Ақтау қалаларының жалпы білім беретін 40 және 6 санды мектептерінде инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы ашылды.

Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы – оқу процесінде мұғалімдерге инклюзия қағидаларын жүзеге асыруға және ерекше қажеттіліктері бар балаларға сынып пен мектепте кедергісіз жағдай қалыптастыруға көмектесетін мектеп кеңістігінің бір бөлігі. Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығына үйлерінде білім алатын балалар да келе алады. Олардың достасуға, өздерінің құрдастарымен араласуға, әлеуметтенуге, сыныптастарымен бірге мектеп өміріне тартылуына мүмкіндіктері бар. Біздің бұл алғашқы қадамымыздың, тек мектептерде емес, жалпы қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастырудағы маңызы зор болатынана сенімдіміз.

Хабар 24 телеарнасы