389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жезқазған тұрғындары бір апта бойы ауыз сусыз отыр

  • 156
  • UPD: 20:51, 01.10.2019
Жезқазған тұрғындары бір апта бойы ауыз сусыз отыр sobitie.com.ua

Қаланың коммуналдық қызметі 25-26 қыркүйекте су құбырларына жоспарлы жөндеу жүргізетінін хабарлаған.

Алайда, «Үйтас-Айдос» құбырындағы апат салдарынан бір аптадан бері су жөнді берілмей жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

60 тұрғын үйдің жоғарғы қабатында су жоқ. Жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, тұрғындар жаппай шағымдарын айтуда. Қала әкімдігі берген ресми мәліметке сүйенсек, шаһардағы құбырлардың 70%-інің тозығы жеткен.

Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі:

- Қала тұрғындарының ауыз сусыз қалуы нағыз келеңсіздік. Біз жылыту маусымына дайындық туралы айтамыз. Егер сіздер ыстық су бере алмасаңыздар, қандай дайындық туралы сөз қозғамақсыздар? Ол аздай, суық су мәселесі де өткір болып тұр. Ауыз су үзіліссіз жеткізілетін болсын. Менің қабылдау бөлмемде су тасымалдаумен айналысатын ұйымдарыңыздың жұмыс сапасы бойынша көптеген қоңыраулар жиналып жатыр. Бүгін бұл мәселені шешу үшін жұмыс істеңіздер.

Хабар 24 телеарнасы