389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО жұртшылығы көмір тапшылығынан ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр

  • 112
  • UPD: 21:52, 01.10.2019

Шығыс Қазақстан облысында қыс түспей жатып көмірдің жыры басталды. Өскемендегі қара отын сатылатын темір жол тұйығында жүк көліктері кептеліп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық кезекке таңмен таласа келіп, тіпті қонуға мәжбүр. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілетін көмірдің де небәрі жартысы жеткізілген. Оған вагон тапшылығы себеп көрінеді.

Олжас Керейхан, тілші:

- Өскемендегі көмір сататын темір жол тұйығындағы дәл қазіргі көрініс. Жүргізушілер кезек үшін күнде қызылкеңірдек. Бұл, әсіресе, алыс ауылдардан көлік жалдап келген жасы үлкен адамдарға қиын болып тұр.

Қадырбек Сләмбеков, зейнеткер:

- Мына сол жақта тұрғандардың бәрі таласып-тармасып бір рет, екі рет кіріп алып, шығып ап, қайта келіп, таласып тұрғандар. Оң жақтағыларды кіргізуге ешқандай тәртіп жоқ. Ешкім қарамайды.

Иә, қазір ешкім-ешкімге қармайды. Ала жаздай көмір алуға асықпағандар алғашқы суық түскен бойда осы темір жол тұйығында жүр.

Олжас Керейхан, тілші

- Қазан мен қарашаның суғы түскен бойда бұл жерде жүк көліктерінен керуен түзіледі. Кейбір жүргізушілер қонып, жатуға мәжбүр.

Бірнеше күн кезек күтіп жүріп алған көмірдің сапасы да жұрттың көңілін көншітпей отыр. Көбісі ұсақ. Ал кесегі көк тас.

Дүйсебек Боқалай, қала тұрғыны:

- Қоқым, топырақ, тас-топырақ аламыз. Жартысы жанса, жартысы қалады сол қалпында. 10 тоннадай көмір аламыз. Соның ұзаса бір алтауы жағылады. Төртеуі тас-топырақ болып қалады.

Көмір түсетін қойма басшысы сапаға мүлде жауап бермейтінін кесіп айтты. Ал ұзын-сонар кезектің түзілуін вогон тапшылығымен байланыстырады.

Нұржан Қазиев, көмір сақтау қоймасының директоры:

Анау аптада темір жолда вагон болған жоқ. Проблема болып қалды. Сосын Қаражыра тұрып қалды. 2 күн істемеген жоқ. Бір апта бізде көмір болған жоқ. Үздіксіз көмір келіп тұрса, бізде проблема жоқ. Қанша болса да жібереміз біз.

Аймақтағы жылу мен отынға жауапты мамандар тасымал мәселесі қалыпты екенін айтады . Халыққа қажетті 1 млн 140 мың тонна көмірдің бүгінге дейін 700 мың тоннадан асатамы жеткізілген.

Болат Ақужанов, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

Көмір үзіліссіз жеткізілуде. Қазір қаладағы көмір тарататын орындарда 20 мың тоннаға жақын қатты отын бар. Тұрғындар сатып алып жатыр. Биыл былтырғы жылғыдай мәселе болмайды.

Қаражыра кен орнында көмірдің тоннасы 6500, Өскеменде 9200 теңгеден. Алайда жеке алып-сатарлар Өскеменнің өзінде 4 тонна көмірді жеткізуге 10-15 мың теңге алады. Ал темір жол қатынасы жоқ Тарбағатай, Күршім, Үржар, Қатонқарағай ауданы тұрғындары тасымал мәселесі басты мәселе болып тұр.

Авторлары: Олжас Керейхан, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы