389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдағы театр құрылысы биыл аяқталмайтын болды

  • 128
  • UPD: 22:23, 01.10.2019
Петропавлдағы театр құрылысы биыл аяқталмайтын болды

Петропавлдағы қазақ театрының да құрылысы биыл бітпейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көптен күткен өнер ордасы Тәуелсіздік күні мерекесінде ашылуы тиіс еді. Құрылысқа ел қазынасынан бақандай 3 млрд теңге бөлінген. Жергілікті билік өкілдері «мердігер компания уәдесінде тұрмады» деп отыр. Қазір нысанның қаңқасы ғана тұрғызылып, қабырғалары енді қалана бастаған. Құрылыс басында небәрі 60 адам жүр. Дегенмен, мердігер ұйыммен келісімшарт бұзылмаған. Ендігі келісім бойынша театр келесі жылдың аяғында тапсырылуы тиіс.

Серік Мұхамедиев, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

- Енді олар жағдайды жыл соңына дейін түзейміз деп уәде беріп отыр. Егер сөздерінде тұрмаса, сотқа жүгінеміз. Әзірге келісімшарт бойынша құрылыс компаниясына айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы