389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында зиянды медициналық қалдықтар ашық жерге төгілген

  • 150
  • UPD: 23:08, 01.10.2019
Қостанай облысында зиянды медициналық қалдықтар ашық жерге төгілген

Қостанай облысында зиянды медициналық қалдықтар заңсыз төгілген орын анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ине, шприц, дәрі тамызғыш секілді қолданылған құралдар Октябрь мен Бозбек ауылдарының ортасындағы орман алқабына ашық-шашық тасталған. Түнде белгісіз біреулер ол қоқысты өртеп, жойып жібермек болыпты. Бірақ орама, пакеттердегі таңбалар сақталып қалған. Онда жылдары, емдеу мекемелерінің атауы көрсетілген. Жазбада медициналық қалдықтар Затобол ауданаралық тубуркулезге қарсы ауруханасына және психиатриялық клиниканың түбүркүлез бөлімшесіне тиесілі екендігі жазылған. Тіпті зиянды заттарды жоюға жауапты адамның ата-жөні де бар.

Сергей мұкашев, облыстық экология департаментінің мемлекеттік инспекторы:

- Келісімшарт бойынша медициналық қалдықтарды жоюға тиісті кәсіпорын, оны он шақты жыл бойы уақытша гаражда сақтаған. Біз ол қойманы да, иесін де таптық. Енді себеп-салдарын анықтаймыз. Жауапты адамға айыппұлдан тыс ластаған орынды қалпына келтіру, барлық құзырлы органдардың жіті бақылауымен қалдықты қайтара өңдеуге жіберу шығынын өтуге тура келеді.

Хабар 24 телеарнасы