389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізге келетін шетелдік аңшылар Жетісудың таулы аймақтарына әуес

  • 149
  • UPD: 08:09, 02.10.2019
Елімізге келетін шетелдік аңшылар Жетісудың таулы аймақтарына әуес

Елімізге сырттан келетін шетелдік аңшылар Жетісудың таулы аймақтарына әуес. Өйткені Алатау шыңдарында марал мен таутеке, елік пен аю мекендейді. Мысалы, маралды олжалау үшін шетелдік аңшы қомақты қаржы төлеуі шарт.

Қазақстанға келіп аң ату үшін 10 мың АҚШ долларын дұмсайтындар да бар. Бұл соммаға аңды атып алумен қатар, рұқсат құжаты, тур жорық пен саяхатқа жасалатын шығындар кіреді. Өткен жылы Алматы облысына 140 қа жуық шетелдік аңшы келген. Олардың дені негізінен АҚШ-тан, Еуропа мен Жапония елдерінің азаматтары. Аңшылық мерзімі бір жетіге дейін созылады. Ал аңшылық маусымы қыркүйектен басталып, қаңтар айына дейін жалғасады.

«Былтыр олар облыс аумағындағы 12 аңшылық шаруашылықта 41 марал, 77 тауке мен 17 елік олжалаған. Нәтижесінде бюджетке 20 млн теңге қаржы түсті» дейді сала мамандары. 

Нұрқуат Қонысбаев, облыстық аумақтық инспекция басшысының орынбасары:

- Жалпы аңшылық маусымы бойынша 2018 жылы 42 млн теңге қаражат бюджетке түскен. Бұл шетел азаматтарына рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету түрінің электрондық нұсқасында көрсетіледі. Және ол онлайн режимінде де көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы