389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан-Түркия МДБ арасында ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілмек

  • 295
  • UPD: 18:37, 02.10.2019

Қазақстан мен Түркия мұсылмандары діни басқармасы арасында ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілмек.

Осы мақсатта екі жақты меморандум қабылданып, Әл-Фараби мен Абайдың мерейтойына орай ортақ ғылыми конференциялар ұйымдастырылмақшы. Бұл туралы Анкарада өткен екіжақты кездесуде айтылды. Сондай-ақ қос елдің діни басқармасы арасында қабылданған ынтымақтастық туралы екіжақты келісімнің жүзеге асуы, оқу-ағарту саласы бойынша имамдардың біліктілігі мен тәжірибесін арттыру, бауырластық байланысты нығайту көзделген. 

Серікбай Қажы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы:

- Анкараға сапарымызда біз екі елдің мұсылмандарының руханият орталығы болып саналатын діни басқармаларының ортасында өткізіліп жатқан көптеген іс- шараларымызбен бірге, болашақта біздің мемлекетімізде аталып өтейін деп отырған Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойының аясындағы ортақ іс-шараларымыз, діни-мәдени конференцияларымыз, Абай 175 жылдық мерейтойының аясындағы Ислам және Абай оқулары аясындағы бірнеше бағдарламалық жұмыстарымызды ортаға салып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы