389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда жинақ жүйесі бойынша салынған тұрғын үй құрылысы бітпей тұр

  • 159
  • UPD: 14:35, 02.10.2019

Талдықорғандағы жаңа ықшам ауданында басталған бес тұрғын үйдің құрылысы тоқтап қалған. Сонымен қатар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы салынған 60 пәтерлі баспананың пайдалануға берілу мерзімі кешіктіріліп жатыр.

Мердігер мекеме өкілдері өткен жолғы жиында қазан айының біріне дейін бітіреміз деп салымшыларға уәде берген екен. Үйден үміттілер бүгін де құрылыс басына келді.

Айбол Қожатаев бүгін қоныс тойын тойлауы тиіс еді. Алайда ол алатын тұрғын үйдің қазіргі жағдайы мынандай. Қабырғасы қаланғанымен есік,терезесі салынбапты. Бөлмелердің іші де толық бітпеген. 

Айбол Қожатаев, қала тұрғыны: 

- Уәде орындалмады. Тамыз айына қарағанда сәл үш пайызға қозғалған шығар. 30 қыркүйекте под ключ беретін үйге мүлде ұқсамайды. Ол қалпына өте алыс әлі. 

60 пәтерлі бұл үй тамыз айында ел игілігіне берілуі керек болатын. Құрылыс жұмыстарының бітпей қалуына байланысты қазан айының біріне ауыстырылған. Мердігер мекеме өкілдері оған да үлгермепті.

Дәурен Хафизов, мердігер мекеме басшысының орынбасары:

- Бекітілген мерзім 30шы тамыз болатын. Ия біз екі айға кешіктірдік. Сол үшін құрылыс бөлімі сотқа берді. Енді жауап беретін боламыз. Құрылыс жұмыстарын 30 қазанға дейін толықтай аяқтаймыз. Қазірдің өзінде сыртқы қасбетін әрлеп қойдық.  

Талдықорғанда құрылысы тоқтап қалған 5 тұрғын үй бар. Олардың барлығы да жекеменшік есебінен салыныпты. 

Еркебұлан Усманбаев, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары: 

- Қазіргі таңда олардың мәселесі бойынша арнайы органдар тексеріп, сот шешімі шығып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге құжаттары дайындалып, аз күнде бастау жоспарланып отыр.  

Басталып бітпей қалған бұл нысандар облыс орталығының жаңа ықшам ауданында орналасқан. Сала жауаптылары орта жолда тоқтаған құрылыс жұмыстарын жандандырып, 2020 жылы аяқтауды көздеп отыр. 

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы