389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда полицейлері 2 күнде 2 млн теңге айыппұл өндірді

  • 1195
  • UPD: 14:15, 02.10.2019
Қызылорда полицейлері 2 күнде 2 млн теңге айыппұл өндірді

«Борышкер» іс-шарасы басталған 2 күн ішінде қызылордалық полицейлер 2 миллион теңге айыппұл өндірді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Тәртіп сақшылары мен сот орындаушылар рейд барысында қарыз төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілердің тізімін жасақтап, мобильді топтармен автокөліктерін айып алаңына әкетіп жатыр. Айыппұл төлемей жүрген азаматтарға қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылуда. Жеке сот орындаушыларына түскен әкімшілік істер бойынша шетелге шығуға және мүліктерін пайдалануға шектеу қойылады. «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы қазанның 10-на дейін жалғасады.

Осы тұрғыда полицейлер азаматтарға айыппұлды жеті тәулік ішінде 50% жеңілдікпен немесе бір ай мерзімнен кешіктермей төлеуге кеңес береді.

 

Хабар 24 телеарнасы