389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТМД елдерінің органдары қылмыскерлер туралы ақпарат алмасады

  • 177
  • UPD: 15:34, 02.10.2019

Мәжіліс депутаттары «ТМД-қатысушы мемлекеттердің ақапарттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күресте ынтымақтастық туралы» келісімді ратификациялауды мақұлдады.

Өткен жылдың қыркүйек айында Достастыққа мүше мемлекет басшылары тиісті құжатқа қол қойған болатын. Оған сәйкес құқыққорғау органдары киберқауіпсіздікпен байланысты қылмыстық әрекеттер туралы ақпарат алмасады. Қылмыстың түрлері мен тәсілдері күн сайын өзгеріп отырады. Сондықтан мұндай келісімдер алдын ала жоспарланған қылмыстық әрекеттер туралы жедел ақпарат алмасып, оның алдын алуға мүмкіндік береді дейді депутаттар. Биылдың өзінде технологиялардың көмегімен жасалған 88 қылмыс тіркелген. 

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

- Компьютерлік технологияларды пайдаланып, басқа жердің адамдары біздің елде үйінен шықпай қылмыс жасауға мүмкіндік алып жатыр. Сол қылмыстардың біріншіден, алдын алуға, екіншіден болған қылмыстарды ашу мәселесі, үшіншіден, зардап шеккен адамдардың мүлкін қайтарып беру мәселесін шешу үшін осындай келісімге қол қойылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы