389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жол сапасы қашан жақсарады?

  • 186
  • UPD: 19:42, 02.10.2019
Жол сапасы қашан жақсарады?

Соңғы бес жылда еліміздегі 10 мыңға жуық күре жол мен 545 көпір арнайы жылжымалы зертхананың көмегімен тексерілді.

Соның нәтижесінде сапасы сын көтермейтін жолдар анықталды. Мысалы, Қызылорда-Жезқазған-Павлодар бағытындағы күре жол толық күрделі жөндеуден өткізілуі тиіс. Оның құрылысы келесі жылы қолға алынады. Сонымен қатар «Меркі-Бұрылбайтал» және «Талдықорған-Өскемен» бағытындағы тас жол қазіргі уақытта жаңадан салынып жатыр. Ал сапаны жақсарту бағытында «ҚазЖол» ғылыми-зерттеу институты жүзден астам ұлттық стандарт әзірлеген. 2006 жылдан бері институт өндіріске 3 ғылыми жаңалық енгізді. Қазір ол ғылыми жобалар еліміздегі жол құрылысында қолданылып келеді. Сонымен қатар биыл жол сапасын бақылайтын орталық құрылғанБұл туралы Алматыда өтіп жатқан халықаралық конференцияда айтылды.

Ұлан Алипов, «Қазавтожол» ҰҚ АҚ басқарма басшысы:

– Биыл бізде сапа орталығы ашылды. Осы мекеме тек республикалық жолдарға емес, жергілікті жолдарға аудандардағы, қалалық жолдар, барлығын толықтай тексеретін болады. Сондықтан болашақта сапа жақсарады.

Бағдат Телтаев, «Қазжол» ҒЗИ АҚ президенті:

– 2006 жылдан бастап біз 150-ден астам жаңа материалдар мен технологияларды жасап, Қазақстан жолдары үшін түрлі табиғи климаттық жағдайларда, әр түрлі облыстарда қалаларда салып шықтық.

Хабар 24 телеарнасы