389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Манзоровқа қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр  

  • 167
  • UPD: 19:41, 02.10.2019
Б.Манзоровқа қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр  

Алматы облысы әкімінің орынбасары болған Бағдат Манзоровқа қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр.

Оған лауазымын пайдалану арқылы аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді.

Еске салсақ, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ұсталғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатын.

Олжас Бектенов, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:

– Тергеу жұмыстары жалғасуда. Оның іс-әрекеттері Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы «Лауазымын пайдалану арқылы аса ірі көлемдегі алаяқтық» айыбы тағылып отыр. Тергеуші күдіктіні үйқамақта ұстау түрінде бұлтартпас шарасын қолдану туралы прокуратураға өтінім берді. Қалған ақпарат әзірге жариялануға жатпайды.

Хабар 24 телеарнасы