389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облыстық полиция департаментінде еріктілер орталығы ашылды

  • 120
  • UPD: 08:25, 03.10.2019
Ақмола облыстық полиция департаментінде еріктілер орталығы ашылды

Құзырлы орган мен ерікті жастар қозғалысының өкілдері арнайы меморандумға қол қойып, бірге жұмыс істеуге келісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, аймақ полицейлері белсенді жастармен байланысты күшейтпек. Еріктілер ендігі жерде тек жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарына ғана емес, қоғам тыныштығы мен жол-көлік қозғалысын бақылайтын рейдтерге де атсалысады. Полицейлердің айтуынша, бұл жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, қоғам өміріне бей-жәй қарамауына сеп болады. Жалпы бүгінде Ақмола облысында 200-ден астам еріктілер ұйымы бар.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында еріктілер арқылы азаматтық қоғамның рөлін күшейтуді тапсырып, 2020 жылды волонтерлар жылы деп жариялаған болатын.

Гүлмира Әбдірахманова, криминалдық полиция басқармасының өкілі:

- Бүгінгі таңда біздің басқарма еріктілермен тығыз байланыста. Биылдың өзінде жастар Сандықтау және Бурабай аудандарында жоғалған кісіні табуға көмектесті. Енді олар тек бізбен ғана емес, жергілікті полиция, ювеналды полиция секілді басқа да әріптестерімізбен бірге жұмыс істейтін болады. Бұл серіктестігіміз түрлі саладағы қылмыстардың алдын алуға көмектеседі деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы