389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде сал ауруына шалдыққан балалар үшін қосымша бөлімше ашылады

  • 165
  • UPD: 08:33, 03.10.2019
Ақтөбеде сал ауруына шалдыққан балалар үшін қосымша бөлімше ашылады

Ақтөбеде сал ауруына шалдыққан балалар үшін қосымша стационар ашылатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – ел президентінің жолдауынан кейін қолға алынған шаралардың бірі. 20 орынға арналған бөлімше келесі айда емделушілерді қабылдайды. Негізінен ауыл-аймақтардан келген балаларға қызмет көрсетеді. Бұл мақсатқа бюджеттен қомақты қаржы бөлу қарастырылған. Бұдан өзге, 15 күн деп бекітілген бір жолғы ем алу курсын ұзарту көзделіп отыр. Бүгінде облыста аутизм мен сал ауруына шалдыққан 1200-ге жуық бала есепте тұр. Үш бірдей оңалту орталығы жұмыс істейді. Қажетті мамандар да жеткілікті. Сондақтан болар, соңғы жылдары науқастардың еліміздің өзге қалалары мен шетелге барып ем алулары азайған. Дертке шалдыққандарға сапалы ем жүргізу шаралары алдағы жылдары да жалғасатын болады.

Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Келесі жылға да 150 млн теңге көлемінде қаражат бөлініп жатыр. Осы жерге қосымша мына церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға реабилитация жасау үшін қосымша қажетті медициналық, техникалық жабдықтар алынатын болады. Бұл жерде біз бара-бара тек Ақтөбе облысы ғана емес, бүкіл батыс өңірге айналған үлкен орталыққа айналдыруды жоспарлап отырмыз.

Ақтоты Ермағамбетова, Ойыл ауданының тұрғыны:

Ақтөбеде ашылғаны жақсы болды. Ешқандай портал күткен жоқпыз. Тіркелдік, жеңіл болды келуіміз. Бұрын басқа жаққа бір-екі ай күтетін едік порталды. Бір күнде тіркелдік те, жолдау алып келе қойдық.

Хабар 24 телеарнасы