387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында күзгі жиын-терім жұмыстарына 34 мыңнан аса техника жұмылдырылды

  • 214
  • UPD: 10:03, 03.10.2019

Алматы облысының шаруалары биыл 1 млн гектарға әртүрлі дәнді-дақыл септі.

Осы егістік алқаптарындағы күзгі жиын-терім жұмыстарына 34 мыңнан аса техника жұмылдырылып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның басым бөлігі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден алынған. Нақтырақ айтсақ, салаға аса қажет МТЗ тракторлары Беларусьтан әкелінген. Шетелдік техниканың құрал-саймандары да отандық сауда нарығында жеткілікті. Сондықтан дала еңбеккерлері тарапынан сұраныс жоғары. Шаруалар жыл сайын мемлекет ұсынған жеңілдікті пайдаланып, қажетті көліктермен қамтамасыз етіліп жатыр. Мысалы, биылдың өзінде өңірдегі қожалық иелері 175 дана ауыл шаруашылығы техникасына қол жеткізген.

Мәди Садықұлы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы:

- 122 дана техника лизинг негізінде алынды, қалғаны ауылшаруашылық құрылымдары негізінде алынды. Бұдан бөлек шаруашылықтарды техника алу барысында мемлекет тарапынан қолдау, ол инвестициялық салымдар кезіндегі шығыстарының бір бөлігін өтеу, яғни алынған техникалардың 25%-інің сомасы мемлекет есебінен қайтарылады.

Алматы облысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден ауылшаруашылық техникаларын алып қана қоймай, оларға қажет көліктерді жеткізуде транзиттік қызмет атқарады. Мәселен, осы жылдың 9 айында Қытайда шығарылған 256 мыңнан аса көлік Жетісу жері арқылы тасымалданды. Соның 30%-і Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Арменияға жіберілген.

Ғабит Оразов, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

- Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында айтатын болсақ, оның ішінде Қырғызстанға 8819 автокөлік жөнелтілген. Ресей Федерациясына 8572, Беларусь Ресбпубликасына 1422 автокөлік жөнелтілген.

Хабар 24 телеарнасы