389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде анықтамалардың 28 түрін алып тастау ұсынылды

  • 183
Елімізде анықтамалардың 28 түрін алып тастау ұсынылды bnews

Қазақстанда жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы, психо, есірткі және туберкулезге қарсы диспансерлерден берілетін анықтамаларды және жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтамаларды жою ұсынылды.

Осындай 28 түрлы анықтамаларды алып тастау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді, деп хабарлады krisha.kz.

Соңғы шешімді ведомствоаралық комиссия қабылдайды.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар туралы деректерді мемлекеттік органдардың өздері ала алады.

Сондай ақ бұған дейін Ішкі істер министрлігі мекен-жай анықтамаларының күшін жою туралы хабарлаған болатын. Бұл 1 қарашадан бастап енгізіледі. Электрондық үкіметтің egov.kz порталынан қандай мекен жайға тіркелгені туралы тексеруге болады.

Хабар 24 телеарнасы