389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде соңғы сегіз айда 1,7 мың автомобиль ұрлығы тіркелді

  • 117
  • UPD: 10:23, 03.10.2019
Елімізде соңғы сегіз айда 1,7 мың автомобиль ұрлығы тіркелді

Келтірілген шығын – 1 миллиард теңге. Бүгінде оның 761 миллион теңгесі өтелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Деректер ұрлық-қарлықтың көбейгенін көрсетеді. Былтыр ғана 1500-ден аса темір тұлпар қолды болған. 861 миллион теңге болатын шығынның 641 миллионы толықтай өтелді. Мамандардың айтуынша, люкс маркалы жол талғамайтын көліктер жиі ұрланады екен. Артынан бұл автомобильдерді Қырғызстан, Ресей, Тәжікстаннан тауып жатады. Деректерге сай Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы автожүргізушілердің 10%-і көлік ұрлаушылардың құрбаны болудан қорқады.

Хабар 24 телеарнасы