389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Nur Otan» партиясы мен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы меморандумға қол қойды

  • 205
  • UPD: 10:41, 03.10.2019
«Nur Otan» партиясы мен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы меморандумға қол қойды

Халықтың денсаулығын нығайту және дұрыс тамақтану тәртібін қалыптастыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ынтымақтастық және стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

Құрамындағы тұзды азайту үшін нан-тоқаш өнімдерінің рецептурасын өзгерту жөнінде өндірушілермен ынтымақтастық жасау меморандумның басты мақсаттарының бірі болып отыр. Айта кетсек, осыған дейін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің нан өнімдерін өндіру цехы тұзы аз нан өнімдерін өндіре бастаған болатын.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы дұрыс тамақтану саясатын қамтамасыз ету мақсатында оқушыларды тамақтандырудың бірыңғай стандартын енгізу бойынша жобаны іске асырамақ. Сондай-ақ мектепке дейінгі балаларға арналған тамақтану стандартын әзірлеу жоспарлануда.

Меморандум аясында тамақтану және денсаулықты нығайту мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар мен акциялар өткізу, «Салауатты қалалар мен аймақтар денсаулық үшін» ұлттық желісін іске асыруға атсалысу жоспарланған.

 

Хабар 24 телеарнасы