389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында заңсыз АӘК алған 7 мың отбасы әшкереленді

  • 221
  • UPD: 10:35, 03.10.2019
Жамбыл облысында заңсыз АӘК алған 7 мың отбасы әшкереленді

Жамбыл облысында шамамен 7 мың отбасының атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алғаны әшкереленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 933-і алған қаржыны мемлекетке қайтарып беруге уәде берген. Бұл шамамен 130 миллион теңге. Әзірге тұрғындардан тек 21 миллион теңге өндіріліпті. Өңір тұрғындары әлеуметтік көмекке қол жеткізу үшін отбасылық кірістерін жасырып баққан. Мәселен, олардың арасында  мыңғырған мал айдап, зәулім үйлерде тұрып жатқан бай-бағландар бар. Кейбірінің басында бірнеше көлігі болса, енді бірі жеке кәсібі болғанымен кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Сондықтан отбасының кірісі құжат жүзінде көрсетілмепті. Мұндай сорақылық құзырлы органдардан құрылған арнайы комиссия жүргізген тексеру барысында анықталып отыр. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы орын алған заңбұзушылықтар атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаған мамандар тарапынан кеткенін айтады. Қаржылай көмекті заңсыз алушылар мәліметтер базасы арқылы да анықталған.

Хабар 24 телеарнасы