389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада бірнеше көше уақытша жабылады

  • 204
Елордада бірнеше көше уақытша жабылады

3 қазанда 20:50-ден 23.00-ге дейін «Астана Арена» стадионында УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Астана» мен Сербияның «Партизан» командасы арасындағы футбол ойыны мен 19:30-ден 23.00-ге дейін «Барыс-Арена» спорт кешенінде «Барыс» пен «Торпедо НН» шайбамен хоккей ойынынан КХЛ Чемпионаты өтеді.

Спорт жанкүйерлері үшін арнайы 12 Shuttle автобустардың қозғалысы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Спорт шараларының өткізілуіне байланысты, Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдары, Сығанақ көшесі мен Ұлы Дала даңғылы учаскесінде автокөлік кептелісі күтілуде. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері жолдарда кептелістің алдын алу шараларын ұйымдастырады. Осы аталған учаскеде жол қозғалысы шектеледі. Айта кетейік, аталған шараларды ұйымдастыру кезінде басымдық қоғамдық көліктерге беріледі. Спорт шаралары кезінде жанкүйерлерге сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін арнайы рейстер ұйымдастырылады. Олар № 10; 12; 28; 37; 40; 51; 53; 60; 801; 802; 803; 303. Сонымен қатар, қоымша 12 автобус-шатлдар ( «Бал бала» - №167 көше, ғм.5/1, «Көктем» СҮ- Бөгенбай батыр даңғылы. 34, «Аружан» СҮ - Жансүгіров к-сі, 8/1, г/м «Строймарт» - Қошқарбаев д-лы-Құдайбердіұлы)», - делінген хабарламада. 

Матчқа барғысы келетін жолаушылар спорт кешендеріне сағат 18.00-ден 19.00-ге дейін жоғарыда көрсетілген жерлерден жете алады. Айта кетейік, матчтар аяқталған соң жанкүйерлерге қайтуға автобустар ұйымдастырылады: Қабанбай батыр даңғылы жағынан «Астана – Арена», «Барыс – Арена» спорт кешендері қасындағы бірінші шеңберден. Осыған орай, ұйымдастырушылар әуежай мен қала маңындағы елді-мекендерге жетуді көздейтін жолаушылардан бағыттын алдын ала жоспарлауларын сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы