389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында кембағал жандарды әлеуметтік қолдау көлемі артты

  • 156
  • UPD: 14:30, 03.10.2019

Осыдан тура бір ай бұрын жарияланған мемлекет басшысының жолдауында тірек-қимыл ақауы, сал ауруы және ақыл-есі дамуында тежеу байқалған балғындарды түгел медициналық қызметпен қамту керектігі айтылған болатын.

Сондай-ақ халықтық үндеуде ел Президенті шағын және орта оңалту орталықтары желісін кеңейтуді тапсырды. Осы ретте Қызылорда облысында кембағал жандарды әлеуметтік қолдауға бағытталатын шығын 2 есе артып, жыл соңына дейін 8500-ден астам сырбойылыққа техникалық оңалту құрылғылары үлестіріледі.

Оған қоса, өңірдегі тағы 1500 тұрғын отандық сауықтыру нысандарында емделуге мүмкіндік алады. Аймақтың өзінде озық үлгідегі әмбебап қондырғылармен жабдықталған 10 оңалту орталығы бар. Олардың қатары арта бермек. Қазіргі таңда көзі нашар көретін және құлағында мүкісі бар аймақ тұрғындары тарапынан арнайы ноутбуктер, заманауи ортопедиялық, сурдо және тифлотехникалық құралдарға сұраныс көп. Аталған инвозаттар да жыл соңына дейін оңалту орталықтарына қолданысқа беріледі. Жалпы облыста 30 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан есепке алынған, соның 5 мыңдайы бала.

Алтын Есқараева, облыстық ЖҚҮжӘБ басқармасы басшысының орынбасары:

- Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше көңіл бөлу жөнінде атап өтілді. Осыған орай бүгінгі күнге жалпы өңірдегі барлық мүмкіндігі шектеулі балалардың 50%-ке жуығын арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтып отырсақ, алдағы уақытта бұл жағдайды кеңейтеміз деп ойламын.

 

Хабар 24 телеарнасы