389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жезқазғанда су құбырын жөндеу жұмыстары аяқталды

  • 193
  • UPD: 14:01, 03.10.2019
Жезқазғанда су құбырын жөндеу жұмыстары аяқталды

Бүгін Жезқазғандағы Үйтас-Айдос су құбырын жөндеу жұмыстары аяқталып, сорғылар іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала тұрғындарына кешке қарай ауызсу берілмек. Мамандар апаттың қайталанбауы үшін су қысымын бір қалыпта ұстап отыр. Бұған қоса, су қызметіне төленетін 8 күннің қаражаты қайта есептеленеді. Бүгіннен бастап шаһарға жылу беріледі, ал 4-5 күннің ішінде барлық тұрғын үйлерге ыстық су жеткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Жезқазған қаласындағы су құбырында ірі апат болған еді. Кеше жөндеу жұмыстары барысында құбыр қайта жарылып кетті.

Хабар 24 телеарнасы