389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда аңызға айналған БТ-324 теплоходы күрделі жөндеуден өтті

  • 143
  • UPD: 15:10, 03.10.2019

Павлодарлықтар тарихи оқиғаға куә болды. Жерлікті кеме жөндеу зауыты аты аңызға айналған БТ-324 теплоходын күрделі жөндеуден өткізіп, өзенге қайта түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірнеше жылдан кейін бұл кеменің өзеншілерге қалтқысыз қызмет еткеніне жарты ғасыр толады.

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Сала мамандары аты аңызға айналған теплоходты жөндеуге аз уақыт жұмсаған жоқ. Міне, кеме жөндеу зауытының шеберлері соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Капитан-мехинак Юрий Кремнев үшін бұл су көлігі сырласы мен екінші үйіне айналған. Теплоходты тізгіндегеніне биыл 39 жыл.

Юрий Кремнев, БТ-324 кемесінің капитаны:

- Бұл шаруашылықты жаңғырту үшін мемлекет көмектесу керек. Кезінде өзен арқылы жүк тасымалы дүркіреп дамыған. Көрші Ресейге ағаш, қиыршықтас сияқты құрылыс материалдарын тасыдық. Алыс-берісті қарқынды дамыту қажет. Бүгінгі іс бұл мақсатқа жетудің талпынысы болса керек.

Зауыт шеберлері алты айлық еңбектерінің жемісін көрмек. Теплоход арнайы құралдың көмегімен өзенге түсірілді. Шеберлер қауымы кемеге қайта жан бітіру үшін арнайы болаттың 25 тоннасын қолданған. Тарихи сәтке куә болғандардың қатарында 25 жастағы матрос Владимир Кремнев те бар. Өзеншілер әулетінің мүшесі енді ұзақ жолға шығуға қамдануда.

Владимир Кремнев, матрос-моторист:

- Әкем саналы ғұмырын бұл салаға, өзенге арнап келеді. Бұл кемені жаңарту әкемнің арманы еді. Енді дегеніне қол жеткізді. Қуаныштымыз!

Соңғы жылдары өзен зауыты тұралап қалған болатын. Шетелдік инвестордың келісімен жұмыс қайта жанданды. Айта кетейік, БТ-324 теплоходы – ірі жобалардың бірі.

Николай Цепелев, кеме жөндеу зауытының директоры:

- Кеме зауытында көптеген жылдар бойы еңбек етіп жүрген білікті мамандар бар. Бұл су көлігі - соның айқын дәлелі. Бұл кеме ұзақ жылдар бойы қирамай қызмет ететініне сенімдіміз.

Ертісте кеме жүзу маусымы аяқталуға жақын. Ал кеме жөндеу зауытында қызу жұмыс басталып кетті. Қазіргі уақытта кезекте Сібір жеріне құм, қиыршықтас, көмір мен тұз тасымалдайтын алып баржалар тұр.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов, Марат Игіліков

Хабар 24 телеарнасы