389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда Президент жарлығымен өрт сөндірушілер мен полицейлер марапатталды

  • 219
  • UPD: 14:44, 03.10.2019
Түркістанда Президент жарлығымен өрт сөндірушілер мен полицейлер марапатталды

Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен тілсіз жауды тізгіндеген түркістандық өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерге мемлекеттік наградалар берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марапатты Түркістан қаласына жұмыс сапарымен барған Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев табыс етті. Ерлігі үшін медалімен 4 өрт сөндіруші мен полиция қызметкері: Әлімқұлов Бақдәулет, Жұмабаев Құралбек, Сайдахметов Рүстем, Убайдиллаев Бағлан және полиция майоры Қанат Рақышев марапатталды.

Сонымен қатар ведомство басшысы Ішкі істер министрінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін полиция подполковнигі Ермек Үсербаев пен Қайрат Әлекешевтің кеудесіне тақты.

Сондай-ақ өрт кезінде денесінің 30%-ін күйік шалған азаматтық қорғау подполковнигі Бақытжан Әбдіғаппаровқа екінші дәрежелі «Айбын» орденін министр үйіне барып табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйекте Түркістандағы Royal Grand қонақ үйінде өрт шығып, газ цестирнасы жарылған болатын. Апат кезінде 50 адам көшіріліп, 11 қызметкер жараланған еді.

Құралбек Жұмабаев, облыстық ТЖД бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны:

- Менің орнымда басқа бір осы қызметте істейтін адам болса да осылай істер еді деп ойлаймын. Сол үшін «Ерлігі үшін» марапат беріп жатыр. Осылай біздің ерлігімізді бағалап, ҚР Президентіне рахмет айтамыз. Орден алған қызметтестерімді осылай құттықтаймын.

Хабар 24 телеарнасы