389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Балқаш-Бурылбайтал» автожолына жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

  • 145
  • UPD: 15:19, 03.10.2019
«Балқаш-Бурылбайтал» автожолына жөндеу жұмыстары жүріп жатыр turkistan.kz

Жамбыл облысындағы «Балқаш-Бурылбайтал» автожолын жаңарту жұмыстары басталды.

Күре жолдың бойында демалыс алаңдары мен елді мекендердің маңында автопавильондар салынады, деп хабарлады ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ темір жол өткелдері мен 10 көпірдің, 109 құбырдың құрылысы жүргізілмек.

Қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталғаннан кейін «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы І-техникалық санатқа сәйкес 4 жолақты жол болады.

Жобаның толық аяқталу мерзімі 2022 жылға жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы