389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жеті мыңнан астам елордалық «Еңбек» бағдарламасының игілігін көрді

  • 184
Жеті мыңнан астам елордалық «Еңбек» бағдарламасының игілігін көрді

2019 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Нұр Сұлтан қаласында 7 277 адам нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты.

4 939 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 2118 адам немесе 44% тұрақты жұмыс орындарына тұрғызылды, деп хабарлайды  еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқа мерзімді курстар өткізуді көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында Нұр-Сұлтанда 550 адам оқуға жіберілді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік бағдарламаның қатысушыларына жұмысқа орналасуға көмек көрсетеді.

«Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті – азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту. Оның шеңберінде бастапқы бизнесті іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылық қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бұдан басқа, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және олардың зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі. «Бастау-Бизнес» жобасы аясында микрокредит алушылар үшін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі, – делінген ведомствоның хабарламасында.

Нұр-Сұлтан қаласында микрокредиттеумен 48 адам қамтылды. Мемлекеттік гранттарды 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде мемлекеттік бағдарламаның 39 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде – 10 (жастар, аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер) адам алды.

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін мемлекеттік субсидияланатын жұмыс орындарын құруды көздейді. Оны жүзеге асыру аясында Нұр-Сұлтанда 2 930 адам, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 152 адам, қоғамдық жұмысқа 1 998 адам жұмысқа орналастырылды, жастар практикасына 780 адам тартылды.

Хабар 24 телеарнасы