389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат төрағасы бюджет жобасын әзірлеуде есеп комитетімен тығыз жұмыс істеуге шақырды

  • 149
  • UPD: 21:27, 03.10.2019

Бюджет басымдықтары нақтыланбаса нәтиже болмайды. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева кез келген мекеме бюджет жобасын әзірлеген кезде есеп комитетімен тығыс жұмыс істеуі керек дейді. 

Сенатта өткен бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі кеңесте ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндама жасап, бюджет үдерісін реформалаудың жол картасы туралы айтты. Яғни, құжатты ұсынған кезде бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін бағалауды  нәтижелі және жедел жүргізуге мүмкіндік беретін стратегиялық жоспардың жаңа үлгісі туралы баяндады. Сондай-ақ, мемлекеттік құрылымдарға арналған жаңа сипаттағы жоспардың жыл соңына дейін бекітілетінін жеткізді. Сенторлар нысаналы көрсеткіштерді оңтайландыру, мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру және басқару туралы ұсыныстарын айтты. Мысалы, кей салаға түрлі арна арқылы бөлінетін қаржы тиімсіз жұмсалып жатады.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламент Сенатының төрағасы:

- Әлі күнге өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымының нақты картасы жоқ. Және ол карта халықтың тығыз орналасуына, өңірдегі туу көрсеткішіне, тұрғындардың көші-қонына, жалпы адамдардың санына байланысты болжаммен жасалуы тиіс. Яғни, балабақшада, мектептерде, түрлі деңгейдегі медициналық мекемелерде орын тапшылығы болмай ма, сол ескерілуі тиіс. Мен бюджет қаржысы көп жұмсалатын маңызды сала, әлеуметтік саланы ғана айтып отырмын. Мысалы, кей жерлерде мектептерде орын көп болса, керісінше, екінші бір өңірде 3 аусыммен оқытатын мектептер бар. Осындай пікір алмасу мен талқылаулардың нәтижесінде нақты бір шешімдерге қол жеткізе бастадық.

Хабар 24 телеарнасы