389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда алғашқы аутизм орталығы ашылды

  • 156
  • UPD: 21:49, 03.10.2019

Бұл ата–аналардың талай жылдан бері күткен арманы еді. Енді олар балаларын емдету үшін басқа қалалаларға бармайды.

Соңғы үлгідегі заманауи құрал жабдықтармен қамтылған оңалту орнында бірнеше бағыттағы бейімдеу кабинеттері бар. Мұнда науқас балғындармен логопед, психолог, дефектолог секілді 15 білікті маман жұмыс істейді. Әлеуметтік жоба демеушілердің көмегімен жүзеге асты. Жыл соңына дейін орталыққа «барокамера» қондырғысы қойылады. Жалпы, бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында аутизммен ауыратын 400 - ден астам бала бар.

Зарина Әлішева, қала тұрғыны:

- Емделу үшін Ресейдің Челябі қаласына дейін баратынбыз. Бұл мен үшін қиынға соғатын. Енді оның бәрі артта қалды. Ондай орталық қаламызда да бар.

Хабар 24 телеарнасы