389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда балаларға бөлінген ақшаны жымқырғандардың соты өтіп жатыр

  • 181
  • UPD: 22:20, 03.10.2019
Атырауда балаларға бөлінген ақшаны жымқырғандардың соты өтіп жатыр

Атырауда облыс әкімінің орынбасары және білім басқармасының басшысы мен орынбасарларына қатысты сот отырысы басталды. Бес адамнан құралған қылмыстық топ ірі мөлшерде қазына қаражатын жымқырған және пара алған деп айыпталып отыр.

Мысалы, облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауова мектеп-интернатқа жиһаз жеткізіп берген мекемеден 5 миллион теңге пара алған көрінеді. Сондай-ақ оның қызмет бабын пайдаланып, өзгенің мүлкін иемденгені анықталды. Ал облыстық білім басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев пен оның орынбасары Роза Қабулова ұзақ жылдар бойы Президент шыршасын өткізуге бөлінген ақшадан жүйелі түрде жымқырып келген. Тергушілердің дәлелдеуі бойынша қолды болған қаржы 38 миллион теңгеден асады екен. Қалған күдіктілер қылмыстық іске қатысушылар ретінде жауап беруде.

Хабар 24 телеарнасы