389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысындағы мектептерде пән мұғалімдері жетіспейді

  • 170
Маңғыстау облысындағы мектептерде пән мұғалімдері жетіспейді

Маңғыстау өңірінде пән мұғалімдері тапшы.

Бүгінде осы салада отыздан астам жұмыс орны бос тұр. Облыстық білім басқармасының өкілдері былтыр жүзден астам орынның болғанын мәлімдеген еді. Маман тапшылығын жою мақсатында облыс әкімі биыл конкурстық негізде 175 білім грантын бөліп отыр. Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасында тәрбиеленген мектеп түлектеріне басымдық беріледі. 

Гүлмира Мамаева, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Облыстағы қазақ және орыс тілінде орта білім беру мекемелерінде негізінен орыс тілі пәні мұғалімдерінің саны аз. Осы санаттағы ұстаздардың тапшылығы былтыр да байқалған еді. Аймақ әкімдігінен биыл 17 мамандық бойынша білім гранттары бөлінді. Олардың дені – педагогика саласы.

Хабар 24 телеарнасы