389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да орыс тілі пәнінің мұғалімдері тапшы

  • 124
  • UPD: 13:21, 04.10.2019
БҚО-да орыс тілі пәнінің мұғалімдері тапшы

Батыс Қазақстан облысында 12 мың 800 мектеп мұғалімі өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді.

Қазір өңірдегі білім ордаларында 106 мыңдай шәкірт білім алып жатыр. Аймақта кадр тапшылығына қатысты мәселе шешілген. Мәселен, педагог мамандықтарына соңғы 3 жылда облыс пен республика бюджетінен 127 грант бөлініпті. Алайда мектеп директорлары үшін басты проблема орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің жетіспеушілігі болып отыр. Филолог мамандардың дені мемлекеттік қызметке немесе журналистика сынды өзге салаларға кетіп қалады. Мысалы, 2 мыңнан аса бала білім алып жатқан нөмірі 42-гимназияда осы пәннен зейнет жасына жеткен ұстаздар сабақ беріп жүр.

Ерік Темірғалиев, №42 мектеп-гимназиясының директоры:

– Соңғы 3 жылда қазақ мектептерінде оырс тілі пәнін оқытатын мамандардың тапшылығы байқалып отыр. Мысалы, қазір бізде екі зейнеткер кадр мәселесінің тапшылығын жабу үшін орыс тілі пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс жасап отыр.

Үміт Жәңгірова, облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы:

– Осы мәселелерді шешу мақсатында қазіргі таңда зейнет жасына шыққандарға еңбек келісімшарттары ұзартылып және басқа мектептерден қосалқы жұмысқа басқа педагогтар шақыртылып, олқылықтардың орны толықтай жойылды.

Хабар 24 телеарнасы