389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда балаларды ұрлау туралы жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

  • 312
  • UPD: 11:05, 04.10.2019
Алматыда балаларды ұрлау туралы жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Алматы қалалық полиция басқармасының жедел іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері балаларды жаппай ұрлау туралы ақпарат тартқан адамды анықтап, ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Ол алматылық 1991 жылы туған әйел болып шықты. Әйел өзінің шынымен қоғамда негізсіз дүрбелең мен үрей туғызған аудио хабарламаның авторы екенін мойындады. Ол бұл расталмаған ақпаратты құрбысы айтты түсіндірді. Қазіргі уақытта оның әрекеттері ҚРҚК 274-бабы 2-бөлігі бойынша ПД тергеу басқармасында ақпараттық-коммуникациялық жүйелер арқылы жалған ақпарат таратты деген айып тағылып отыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды », – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полициябасқармасының бастығы Жанболат Зиадин.

Ұсталған әйел өз кезегінде, өкінішін білдіріп, алматылықтардан кешірім сұрады.

«Менің даусыммен тараған хабарлама көпшілік арасында үрей тудырды. Мен Алматы қаласының тұрғындарынан кешірім сұраймын. Шынымды айтсам, бұл әлеуметтік желілерде тарап, бүкіл қалада қорқыныш туғызады деп күткен жоқпын. Өтініп сұраймын кешіріңіздерші», – деді ол.

«Шындығында, әлеуметтік желі халықтың объективті және сенімді ақпарат алуына мүмкіндік беретін алаң болуы керек. Өкінішке қарай, кейбір адамдар әлеуметтік желілерді өздерінің қылмыстық мақсаттарына жету үшін ғана қолданады. Ал интернет пайдаланушылар шындық пен өтірікті ажырата алмай қалады. Оның растығына көз жеткізбестен өздерінің таныстарына жібереді. Міне содан кейін халық арасында үрей туындайды. Толқу басталады. Мұндай әрекетке барғандар заң алдында жауап береді. ҚРҚК 274-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылық қарастырылатындығын тағы да еске саламын», – деп қорытындылады Жанболат Зиадин.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматы қалалық полиция департаменті қала мен Алматы облысында балаларды жаппай ұрлау туралы хабарламаны жоққа шығарған болатын.

Хабар 24 телеарнасы