389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысы әкімдігі мен Франция елшілігі жол апатын азайту мақсатында бірлескен жобаны жүзеге асырмақ

  • 132
  • UPD: 13:19, 04.10.2019
Алматы облысы әкімдігі мен Франция елшілігі жол апатын азайту мақсатында бірлескен жобаны жүзеге асырмақ

Осы жылдың 8 айында Алматы облысында 1500 көлік қақтығысы болды.

Соның салдарынан 300-ден аса адам қаза тапты. Жол апаттарының санын азайту мақсатында Алматы облысы әкімдігі мен Франция елшілігі бірлескен жобаны жүзеге асырмақ. Қос тарап қолға алынатын бастаманы талқылады. Өз технологиясын ұсынған шетелдіктер бес жарым жылда қаралы тізім көрсеткішін 25 пайызға дейін кемітуге болатынын айтты. Басқосуда мемлекет басшыларының Брюссельдегі кездесуінде көтерілген мәселелер де қарастырылды. Яғни ауыл шаруашылығы, туризм және энергияны баламалы жолмен өндіруде өзара тиімді мүмкіндіктер сараланды. Жиналғандар алдағы уақытта ет пен жеміс-жидекті өңдеу, қант зауытын салу, тау шаңғысы кластерін дамыту ісінде өзара әріптестік байланыс орнатуға уағдаласты. 

Филипп Мартинэ, Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

– Францияның туризм саласы бойынша тәжірибесі өте үлкен. Өткен жылы біздің елге 90 млн турист келді. Осы орайда біз мәдени ескерткіштерді сақтай отырып, саланы дамыту мүмкіндіктерін ұсына аламыз. Сонымен қатар біз кәсіпкерлерді шақырып, өнім өңдеу саласына өз технологиямызды енгізуімізге болады.

Хабар 24 телеарнасы