389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейдегі автобус жыры қашан бітеді

  • 144
  • UPD: 13:20, 04.10.2019
Семейдегі автобус жыры қашан бітеді

Семейдегі автобус жыры ұзаққа созылатын түрі бар.

Естеріңізге салсақ, қыркүйек айының басында қалада қоғамдық көліктердің жаңа сызбасы бекітіліп, отандық темір тұлпарлар жолға шыққан. Жалпы техникалардың 80 проценті жаңаланды және кешкі сағат 10 жарымға дейін жүретін болды. Алайда осыған дейін халыққа қызмет көрсетіп келген 51 бағыттың 9-ы қысқарып, тұрғындарға біраз қиындықтар туғызған еді. Әсіресе таңертең және кешке мектепке, жұмысқа асыққан халық әбігерге түсуде. Әкімдіктегілер бір жұманың ішінде бәрі реттеледі дегенмен, әзірге түйткілдердің түйіні тарқамай тұр.

Ырысқайша Нақышева, қала тұрғыны:

– Кішкентай, отыратын орын аз, тығыз іші. Көп жүрмейді, аралары 40, 30 болады. Сондықтан бұл автобустар ыңғайлы емес.

Асқар Зияданов, автобус паркінің директоры:

– Ертең бәрі жақсы болады, бүрсүгіні бәрі жақсы болады деп нақты айта алмаймын. Бірақ біздің тарапмыздан барлық мәселелер жылдамдатылып, орнына келтіруге бар шараларды қолданып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы